Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН САЛЫНҒАН 57 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

13 қазан 2021, 20:55

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов хабарлады.

 

 

Оның айтуынша, биылғы жылы қалада бюджет есебінен 479,9 мың шаршы метрлі 5 912 пәтерлі  97 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

 

- коммуналдық 122,2 мың шаршы метр 1 656 пәтер 26 үй;

 

- кредиттік 251,9 мың шаршы метр 3 176 пәтерлі 53 үй;

 

 

«Shymkent» ӘКК 105,8 мың шаршы метр 1 080 пәтерлі 18 үй.

 

Жыл соңына дейін 298,6 мың шаршы метрді құрайтын 57 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда. Ол 3 512 пәтер. Одан бөлек, ағымдағы жылы 1 580 пәтер сатып алу жоспарланған.

 

- Жұмысшы жастарға 900 пәтер;

 

- Көп балалы аналарға 444 пәтер;

 

- Халықтың әлсіз топтарына – 236 пәтер.

 

 

Биыл қалада тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға артып отыр.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі