Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«DALA KILEMDERI» КӨРМЕ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

19 қазан 2021, 19:52

Шымкент қаласында «Dala kilemderi» көрме жәрмеңкесі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл да «Bal Tekstil» компаниясының ұйымдастыруымен 16 - 25 қазан аралығында «Көрме» орталығында өтуде.

 

 

Жәрмеңке отандық кілем сапасы шетелдік өнімдерден кем түспейтіндігін дәлелдеп, халық арасында танымалдығын арттыруды мақсат еткен. Отандық өнімдермен қатар, Бельгия, Түркия, Иран, Ресей, Өзбекстан және Молдова елдерінің өнімдері де ұсынылуда.

 

 

Bal Tekstil 2011 жылдың аяғында «Оңтүстік» АЭА тіркеліп, 2013 жылдың қазан айында өз өнімін шығара бастады. Қазіргі таңда жылына 5 млн шаршы метр кілем және кілем өнімдері мен 4 000 тонна полипропиленді жіп өнімдерін өндіруге қауқарлы. 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

 

 

Компания 2000-ға жуық кілем дизайнын жасап, халықаралық сапа конкурстарынан жүлделі орындар иеленді. Фабрика өнімдері Қазақстанның бүкіл облыстарының қала, аудан орталықтарында халыққа  қолжетімді бағамен  сатылуда.

 

 

Қала тұрғындары мен қонақтарын отандық өнімдер көрмесіне шақырамыз. 

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі