«EVRIKA»-дағы болашақтың технологиясы

07 қазан 2021, 20:31

Шымкентте электроника мен тұрмыстық техниканы сататын бірегей дүкен ашылды.

 

 

Ә. Жангелдин көшесіндегі дәл сол «Эврика», бірақ жаңартылған форматта келушілерге есігін айқара ашты. Карантиндік шектеулерге байланысты, адамдар көп жиналған жоқ. Жаңартылған «Эвриканың» ерекшелігі неде? Сауда үйінде ашылу құрметіне сатып алушылар үшін қандай жеңілдіктер бар?

 

 

Бүгін Шымкентте оңтүстік өңірдегі ең ірі электроника дүкені ашылды. Жаңартылған дүкеннің жалпы ауданы 2 200 шаршы метрді құрайды.

 

 

Ерлан Есенқұлов, EVRIKA компаниясының өңірлік директоры: «Бүгін компания үшін  атаулы күн. Оңтүстік өңіріндегі ең ірі дүкен ашылды. Бұл жәй ғана дүкен емес, бірегей кешен.  Мұнда брендтік  тауарлардың кең таңдауы  ұсынылған. Сіздерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында сатушылардың қатары толықты. Сонымен бірге, бізде балалар үшін  ойын алаңшасы ашылды. Келіңіздер, жеңілдіктер мен акциялар бар».

 

 

Шынында да, EVRIKA ойыншылар үшін болашақтың технологияларын ұсынатын тұтас аймақ бөлінді. Айта кетерлігі Қазақстанда оның баламасы жоқ. Кез-келген адам келіп, осы немесе басқа ойын жаңалықтарын тексере алады. Егер сіз команда болсаңыз, онда турнирге дайындалыңыз, оны бір айдан кейін осында өткізу жоспарлануда. Егер сіз ойыншы емес, қарапайым сатып алушы болсаңыз, онда асығыңыз – сауда үйінде ашылу құрметіне бірден бірнеше акция өткізіледі.

 

 

Наталья Кудрявцева, EVRIKA компаниясының маркетинг жөніндегі директоры: «Ашылу құрметіне EVRIKA компаниясы өз клиенттеріне бағалы  сыйлықтар дайындады. 15 қыркүйектен 19 қыркүйекке дейін әрбір жүзінші сатып алушы жаңа iPhone 12 смартфонының иесі болуға мүмкіндік алады».

 

Келушілерге ыңғайлы болу үшін танымал брендтердің өнімдері арнайы бөлінген аймақтарда ұсынылған. Сіз тұрмыстық техниканы немесе заманауи гаджетті сатып алуды жоспарласаңыз, онда сіз Еврикаға баруыңыз керек. Дүкен мына мекен-жайда орналасқан:

 

Шымкент қ-сы, Ә. Жангелдин көшесі, 15

 

 

 

kz.otyrar.kz