Ғ.ИЛЯЕВ КӨШЕСІНДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

15 қазан 2021, 20:51

Ғ.Иляев көшесі – көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі болып саналады.

 

Қазіргі уақытта Сасбұқаев көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықта, жалпы ұзындығы 2,7 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Жобаға сәйкес, аумаққа асфальт-бетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тас төсеу қаралған.

 

 

Сонымен қатар, көше бойында ені 2 метрлік жаяу жүргінші жолы және Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін 1,5 метрлік веложол салу жоспарланған.

 

 

Ғ.Иляев көшесінің құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке – А» ЖШС тарапынан атқарылуда. Техникалық қадағалаушы – «Tech Build» ЖШС-гі.

 

 

Қаламыздың әрбір бөлігін, кезегімен "қолайлы" дәрежеге жеткізу мақсатындағы жұмыстарымыз жалғасуда.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі