Шымкент шырайы

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР ОҢАЛТУ ЕМІН ҚАЙТА ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясы мен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеген «Атамекен» орталығының мамандары оңалту емін қайта жалғастырмақ. 

 

Орталықта биыл қараша айынан бастап түрлі жарақат алған және дерті асқынған науқастарға реабилитациялық көмек көрсетіледі. Оңалту емі науқастарға тегін жүргізіледі. Ол үшін пациент тіркелген мекенжайы бойынша  емханадан жолдама арқылы келеді.

 

   

 

Нақтырақ айтқанда, «Атамекен» реабилитация орталығында инсульт, травматологиялық оталардан кейінгі, COVID-19 пневмониядан кейінгі ерте реабилитация тәулік бойы стационарлы деңгейде тегін жүргізіледі.

 

«Атамекен» реабилитация орталығына келген әрбір науқаспен арнайы білікті мамандар  тобы  жұмыс істейді. Пациенттің жағдайын жеке бағалап, ем-шара  тағайындайды. Орталықта  физио ем, иглотерапия, массаждың түрлері, логопедиялық массаж және емдік денешынықтыру арнайы инструктор маманының бақылауымен жүргізіледі.

 

Сондай-ақ  реабилитолог, невропатолог, травматолог, пульмонолог, психолог, логопед және т.б. жеке бейінді мамандырдың кеңесін тегін алуға болады.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 417    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 20:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31