ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАР ОРНАТЫЛУДА

21 желтоқсан 2021, 21:16

Биыл Еңбекші ауданында жауын-шашын салдарынан болатын су көлдеудің алдын алу мақсатында 3,3 шақырымға ирригациялық арықтар орнату жоспарланған. Аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап, жұмыс сапасын тексерді.

 

 

Бұл арықтар аудандағы су басу қаупі бар 14 мекенжайға орнатылады. Жұмыстар мердігер мекеме «Impuls» ЖШС-ге тапсырылған.

 

 

Бүгінде 2,6 шақырымды құрайтын 10 жерге ирригациялық арықтар қойылды. Қалған 4 мекенжайда жұмыстар әлі де жалғасуда.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі