Шымкент шырайы

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МАҚСАТЫНДА ҮШ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

  • ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МАҚСАТЫНДА ҮШ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

    ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МАҚСАТЫНДА ҮШ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғимаратында жұмыссыз жастарды қала аумағында орналасқан индустриалды аймақтардағы кәсіпорындарға жұмыспен қамту мақсатында «Оңтүстік-Қазақстан металлургиялық компаниясы» ,"Китайско-Казахстанская марганцевая индустриальная группа", «Шымкент металлургиялық компаниясы-ШМК», «Абайл өндіріс» ЖШС-лері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен өзара бірлескен меморандумға қол қойылды.

Аталған кездесуге М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, т.ғ.д.,профессор Д.Қожамжарова, кәсіпорын басшылары, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қатысты.

Жалпы, «Оңтүстік» индустриялды аймақта орналасқан "Китайско-Казахстанская марганцевая индустриальная группа" ЖШС-гі - металдар мен қорытпаларды сатумен, ал, «Шымкент металлургиялық компаниясы-ШМК» -қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу, сондай-ақ қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада сатумен айналысады.
Осыған орай, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері жоғарыда аталған кәсіпорындары мен оқу орны басшыларына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Алғашқы жұмыс орны» бағыттарымен таныстырды.

Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне қызығушылық танытқан кәсіпорындардың басшылығы алдағы уақытта аталған кәсіпорындарға жұмыскерлерді, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің металлург, технолог және т.б. техникалық мамандық түлектерін тұрақты жұмысқа және «Жастар» практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлуметтік жұмыс орындары» бағыттары бойынша мемлекет есебінен ақылы уақытша жұмысқа тартуға келіссөз жүргізді.

Айта кетсек, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 28 286 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінгі таңға дейін 26 013 адам жұмысқа жолданып отыр. Оның ішінде 2 578 адам жастар практикасымен, 347 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 118 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасымен қаладағы түрлі кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналасты.




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 13:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31