Шымкент шырайы

ЖАСТАРДЫҢ БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады.

 

Қабылдау барысында тұрғын үй, әлеуметтік көмек және сот орындаушысы тарапынан есеп-шоты бұғатталған тұрғындардың өтініштері қарастырылды.  Осы мәселенің мән-жайын анықтап, заң жүзінде шешу мақсатында Шымкент қаласы әділет департаментінің маманы да қатысты. Қабылдау барысында елден шығуға тыйым салынған борышкердің мәселесі шешімін тапты.   

 

Қала әкімінің орынбасары әр тұрғынды жеке тыңдап, баспана мәселесін шешу жолдарын қарастырды.  Тұрғын үйге мұқтаж және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі жас тұрғын қабылдау барысында тұрғын үй сертификаты туралы алғаш есітіп отырғанын жеткізді. Қала әкімдігінің бастапқы жарна ретінде 1 миллион теңгеден қолдауына қызығушылық танытып, алдағы уақытта ипотекалық баспананы қарастыруға бел бумақ. Өйткені, қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше ол жастарға санаттары бойынша, зейнетақы аударымдары мен төлем қабілеттіліктеріне сәйкес несиелік баспанаға қол жеткізуге болады.

 

Ерғали Дәулетбекұлы сала мамандарына Шымкент қаласы бойынша жалпы кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар жөнінде талдау жасауды тапсырды. Бұл санаттағы азаматтардың өзекті мәселесін егжей-тегжейлі қарастырып, нақты шешімдер қабылдау қажет екендігін баса айтты.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 20:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31