Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

13 қазан 2021, 21:10

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Жұлдыз» индустриалды аймағының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады.

 

 

Нысан екі жобадан тұрады. 1-ші жобада 12,5 шақырым ауыз су, 58,2 шақырым электр желісі, 8,9 шақырым табиғи газ, 11,4 шақырым кәріз жүйелерінің құрылысы қамтылған.

 

 

Бүгінде мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС 8 шақырым ауыз су және 10 шақырым кәріз жүйелерінің траншеяларын қазу жұмыстарын орындады. Нысан 2022 жылға өтпелі.

 

 

2-ші жоба бойынша 13,2 шақырым автомобиль жолының құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Impuls» ЖШС тарапынан жұмыстардың 10 %-ы атқарылды.

 

 

Ағымдағы жылға №2 учаске аумағында 2,4 шақырым жол құрылысын аяқтау үшін қосымша қаржы қажет. Аталған нысан құрылысы да келесі жылға  өтпелі.

 

 

Шымкент қаласында аумағы 306 га «Жұлдыз» индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2021-2022 жылдары іске асыру жоспарланып отыр. Онда құны 100 млрд тенгені құрайтын 30-ға жуық  инвестициялық жобалар жүзеге аспақ. 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі