ҚАЛА ӘКІМІ 3-ШІ КЕЗЕҢ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

23 қазан 2021, 20:11

Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 3-ші кезеңі бойынша орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.

 

Қала әкімі құрылысы 2020-2021 жылдар аралығына жоспарланған нысандағы жұмыс барысын аралап көрді.

 

 

Жол құрылысы «КазахДорСтрой» ЖШС-не жүктелген. 3-ші кезеңнің жалпы ұзындығы - 6 жолақты 0,561 шақырым, жолдың ені - 42 метр.

 

 

Бүгінгі таңда екі бағытты айналма темір жолын, кәріз құбырын салу, кабель желілері, темір жол электр бағаналарын және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің свай құю, жер жұмыстары орындалды.

 

 

Қазіргі уақытта тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Оң жақ тіреу қабырғаларының жұмысын жалғастыру үшін темір жолдан Бөгет көшесі дейінгі нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажеттігі туындауда.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі