Шымкент шырайы

ҚАЛА ӘКІМІ АҚТАСТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ақтас» шағынауданындағы су және газ жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді.

 

 

Ақтас-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер мекеме «Алтын констракшен» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары атқарылуда. Биыл шілде айында басталған құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарда.

 

 

Жалпы ұзындығы 50,9 шақырым суаққының  43,0 шақырымнан астамы салынып, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы жұмыстың (ІІ көтеру сорғы стансасын орнату, өрт сөндіру гидранттарын және ысырма (задвижка) орнату) 95 %-ы орындалды. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін тұрақты түрде сапалы ауыз су берілетін болады.

 

 

Қала әкімі абоненттеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, тұрғындарға бұл бағыттағы жұмыстарды түсіндіру бойынша  тапсырма берді.  

 

 

Сондай-ақ, шағынауданды табиғи газбен қамту бойынша мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары биыл қазан айында басталады.

 

 

Жобаның жалпы құны– 536 млн теңге. Газ құбырының ұзындығы – 17 шақырым.  Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 21:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 20:41
    ЖАСТАР ЛИГАСЫ –2021

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31