ҚАЛА ӘКІМІ Б. МОМЫШҰЛЫ КӨШЕСІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

11 қазан 2021, 23:32

Шымкент қаласында биыл 182 көше мен 21,9 шақырымдық 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған.

 

 

Қала әкімі М.Әйтенов жол құрылысы нысандарының  бірқатарын аралап, жұмыс барысын бақылады.

 

 

Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысанның бірі – қала орталығындағы Б.Момышұлы көшесі.  Бүгінде құрылыс жұмыстарының 95 пайызы біткен. Бұл көшеде орташа жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілген болатын.

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі