Шымкент шырайы

ҚАЛА ӘКІМІ МҰНАЙ-ХИМИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мұнай-химия бағытындағы  «Шымкент Химия Компаниясы» ЖШС өндіріс орнының жұмыс барысымен танысты.

 

 

«Оңтүстік» АЭА аумағында метил-трет бутил эфирі және ұнтақты полипропилен өндіру жобасы іске асырылуда. Метил-трет-бутил эфирі – октан отынын ұлғайтуда оттектендіретін қоспа. Ұнтақты полипропилен – қап контейнерлер, құбырлар өндіру үшін қолданылатын шикізат полимер өнімі.

 

 

Өндірістің жобалық құны – 28 млрд теңге. Жоба аясында жылына 57 000 тонна МТБЭ, 100 000 тонна ұнтақты полипропилен өндіру жоспарлануда. Зауыттың бір ерекшелігі, мұнай өнімдеріне жоғары стандартты қосымша қоспа өнімдерін дайындайды.

 

 

Жалпы аталған өндіріс қаланың өңдеу өнеркәсібіне айтарлықтай үлес қосады. Нақтырақ айтқанда, жылына 4 млрд теңгенің өнімі шығарылмақ.

 

 

Құрылыс жұмыстары 2018 жылы  басталған болатын. 1-кезең 2021 жылы шілде айында іске қосылды.

 

 

Зауыт басшыларының айтуынша, 1 кезеңде 150 адамды, 2 кезеңде 100 адамды жұмыспен қамту көзделуде. 2-ші кезеңді 2023 жылы іске қосу жоспарлануда.

 

 

Айта кетсе, Шымкент қаласында аумағы 200 га «Оңтүстік» АЭА-да 22 жоба жүзеге асырылуда. Биыл жаңадан 6 жобаны іске қосу жоспарланған. 301 жаңа жұмыс орны құрылады.

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 20:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    16 Қараша, 20:32
    ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30