ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

21 қазан 2021, 13:07

21 қазан күні сағат 12:00-де Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Нарбекова Балмаржан Полатқызы @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат береді.

 

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға қатысты сауалдарыңыз болса, посттың астына пікір жазып қалдырыңыздар. Сондай-ақ, тікелей эфир арқылы басқарма басшысына сұрақтарыңызды жолдай аласыздар.

 

Тікелей эфирге қала әкімдігінің @akimat_shymkent парақшасы арқылы кіруге болады. Әлеуметтік желі арқылы келіп түскен барлық сұраққа жауап беріледі.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі