ҚАРАБАСТАУ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

21 қазан 2021, 21:46

Шымкент қаласындағы Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды. Бұл жөнінде Еңбекші ауданы әкімдігі мәлімдеді.

 

 

Елді мекенде электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы қараша айында басталған болатын. 

 

Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-і тұрғын алапта қуаттылығы 900-ге жуық абонентке арналған 19 шақырым электр желісін жүргізді.

 

 

Нысан жуырда пайдалануға берілді. Бүгінде «Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан есеп-шот ашу жұмысын аяқтап, тұрғындар сапалы электр жарығына қол жеткізіп отыр.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі