ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫНАУДАНЫНДА МАГНИТТІ РЕЗОНАНСТЫ ТОМОГРАФИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

17 желтоқсан 2021, 20:43

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Абай ауданы, Қазығұрт шағынауданында тәулігіне 250 адам қабылдай алатын № 14 Емдеу орталығының ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Б.Парманов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов және қалалық мәслихат депутаттары мен ауыл ақсақалдары қатысты.
Аталған емдеу орталығында эффективті профилактика, жоғары сапалы медициналық емдеу және оңалту әдістері жүргізіліп, халық денсаулығының жақсаруы мен өмір жасының ұзаруын арттыруға өз үлесін қосатын болады.
Сонымен қатар, елдімекен тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, сапалы медициналық қызметтер алуға жағдай жасалады.


Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі