Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ ДЕМАЛЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ

13 қазан 2021, 21:15

Шымкент қаласы А-1 тас жолында орналасқан құрылыс қалдықтары полигоны аумағына тұрғындар үшін демалыс орнын салу жоспарланған болатын. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталды.

 

Қала әкімі М. Әйтенов абаттанған нысанды аралап, құрылыстың сапасын бақылады.

 

 

Мердігер мекеме «Кен Тау» ЖШС жоба құны 301,6 млн теңгені құрайтын жобаның құрылысын өз мерзімінде аяқтады.

 

 

Бүгінгі таңда жалпы ауданы 4,48 га аумақта демалыс орны алаңдары, жарықтандыру бағаналары, орындықтар, қоқыс  урналары, спорт алаңдары құрылды. Сонымен қатар, әр түрлі пішінде кіші сәулет мүсіндері орнатылған.

 

 

Жергілікті тұрғындар қоқыс полигоны аумағының ретке келтіріліп, жасыл желекке айналғанына қуаныштарын жеткізіп, қала әкіміне алғысын білдірді.

 

 

Құрылысы 10 айда аяқталған демалыс орны бүгінде тұрғындар үшін саялы аумаққа айналды. Қаланы жасыл желекке айналдыру және көгалдандыру, демалыс орнын көбейту жұмыстары ұдайы назарда.

 

 

Айта кетсек, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Демалыс орындарының саны артып келеді. Олардың барлығына арнайы қызметкерлер күн сайын ерекше күтім жүргізеді.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі