ҚҰДІРЕТ ДОСЫМОВ – САМБОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

20 қазан 2021, 21:43

Шымкент қаласының спортшысы Құдірет Досымов самбодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

 

Жастар арасында әлем чемпионаты 15-17 қазан аралығында Грекияның Салоники қаласында өткен болатын.

 

ҚР жастар құрамасы командалық есепте 3 орынға жайғасты. Отандық балуандар 2 алтын, 3 күміс және 11 қола жүлдеге ие болды.

 

Команда сапында 88 келіде бақ сынаған  Құдірет Досымов күміс жүлдеге қол жеткізді. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі