Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ЛИТВАНЫҢ КОНСУЛЫНА ШЫМКЕНТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

03 желтоқсан 2021, 13:52

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Литваның Алматыдағы Бас консулы Керушаускас Гвидаспен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру мәселесі мен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту жайын талқылады.
Мақсұт Пернебайұлы қаланың даму қарқынына тоқталып, Шымкент - Республиканың ең ірі өнеркәсіптік және сауда орталықтарының бірі болып табылатынын айтып өтті.
«Біздің басты мақсатымыз – қаланы өмір сүруге қолайлы етіп, кәсіп ашуға ыңғайлы жағдай жасау. Мұндай жетістікке жету үшін, біз инвестициялық қоғамдастықтармен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра бермекпіз. Екіжақты біріккен жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан мен Литва арасында бизнес жобалар сәтті іске асарына сенемін», - деді әкім орынбасары.
Кездесу соңында Мақсұт Исахов литвалық компанияларды туризм, транспорт және логистика, ақпараттық технологиялар және машина құрастыру сынды салаларға инвестиция салуға шақырды. Бүгінде Шымкент қаласының инвесторлары үшін ұзақ жылға жалға алу үшін жер тегін беріледі. Сондай-ақ, дайын инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтер үшін ең төменгі тарифтер ұсынылған.
Жалпы, Литва Республикасы Қазақстанның ең ірі 10 сауда серіктестерінің қатарына енген. Ал, Қазақстан Литваның ең ірі 15 сауда серіктестерінің тізімінде. Айта кетейік, Қазақстан мен Литва арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас ең алғаш 1992 жылдың 15 маусымында орнаған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі