МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

19 қазан 2021, 20:10

Шымкент қаласындағы «Мұз сарайында» мәнерлеп сырғанаудан жастар және жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 

 

Ел чемпионаты 19-23 қазан аралығына жоспарланған. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, Қызылорда облысынан, жалпы 150-ден астам спорттшы қатысуда.

 

 

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов спортшыларға сәттілік тіледі.

 

 

Айта кетсек, аталған бәсекеде Шымкент қаласынан 23 спортшы бақ сынайды.

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі