Мәскеу-Шымкент бағыты қайта ашылды

08 қазан 2021, 19:38

«Scat» әуе компаниясы Мәскеу-Шымкент және Шымкент-Мәскеу бағыты бойынша рейсін қайта ашты. Аталған бағыт пандемияға байланысты тоқтатылған болатын.

 

Туристер Мәскеуден Шымкентке аптаның әр сәрсенбісінде кешкі уақытта ұша алады. Жалпы, ұшу кезінде жолаушылар қауіпсіздігі мен карантин талаптарының сақталуына баса назар аударылған.

 

Айта кетейік, бүгінде Мәскеуге Шымкент қаласынан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларынан да рейс бағыттары қайта ашылды. Одан өзге, Шымкент қаласына Ыстамбұл мен Грузиядан да тікелей рейстер қызмет көрсетуде.

 

 

kz.otyrar.kz