МҰҒАЛІМ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ МАСКА ОЙЛАП ТАПТЫ (видео)

03 тамыз 2021, 00:29

Келесі кейіпкеріміз қарапайым оқытушы. Бала тәрбиесімен айналысып жүрген мұғалімнің қолынан басқа да өнерлер келеді. Келестік жерлестері ұстазды өнертапқыш, деп те атайды екен. Оның ойлап тапқан бетпердесі еріксіз назар аудартады. Өйткені бет жапқыш індеттен сақтап қана қоймай, шөлдегенде шөліңізді басуға мүмкіндік береді.

 

 

Асқар Жаппаркұлов бұл масканы жасауды аты жаман ауру басталғалы қолға алыпты. Тіпті жан-жақты зерттеген. Бастапқыда бірнеше нұсқасын сызба бетіне түсіріп, кейіннен осы түрін қолға алған. Кәдімгі қолда бар пластмассаны пайдаланып, жасап шықты. Сызу пәнінің мұғалімі бұл қорғаныш бетпердесі студенттер мен мектеп оқушыларына тиімді дейді. Өйткені үйден киіп шығып, сабақ аяқталғанға дейін шешпейді. Яғни вирус жұғып кетеу қаупі сейіледі.

 

Асқар Жаппаркұлов- өнертапқыш:

 

- Өзге маскалардан айырмашылығы бұл қорғаныш затын күні бойы киіп жүресіз. Шөл басып, қарныңыз ашса арнайы түтікшесі арқылы сұйық тамақ пен сусын ішіп, тамақтануға да болады. Бұл өз кезегінде таңнан кешке дейін жұмыста жүретіндер үшін ыңғайлы. Сондай-ақ салқын ауа жіберетін арнайы бөлшегі де бар.

 

Асқар Жаппаркұлов- өнертапқыш  - сызу пәнінің мұғалімі бұл туындысын көлденең табыс табу үшін емес, ел саулығы үшін жасағанын айтады. Өнертапқыш егер үкіметтен қолдау тауып, бұл іс жүзеге асса, су тасқынына қарсы жобалары да бар екенін жеткізді.

 

 

shymkenttv.kz