Шымкент шырайы

ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жастардың ұйымдастырушылық қабілетін арттырып,  тәрбие мен насихат жұмыстарына баулып келген Лаура Қасымова 30 жылға жуық еңбегін шығармашылыққа арнаған ұстаз.

 

Шымкент қаласындағы «Оқушылар сарайы» мекемесінің қосымша білім беру педагогы, «Шабыт» театр үйірмесінің жетекшісі Лаура Түгелбекқызы жастарды мектептен тыс үйірмелерде шығармашылыққа бағыттап, өнер шыңына жетелеп келеді.

 

 

Ол алғашқы еңбек жолын 1992 жылы ШҚО, Тарбағатай аудандық мәдениет бөлімінде көпшілік іс-шаралар режиссері ретінде бастаса, Шымкент қаласының дарынды өрендеріне 2005 жылдан бастап жетекшілік етті.

 

Білікті жетекші «Балалар және театр» авторлық оқу бағдарламасын құрастырып, үйірмелер арасында қалалық байқаудың ережесін түзген. Бүгінде шығармашылық байқауы қалада тұрақты түрде ұйымдастырылып отыр.

 

Мектептен тыс мекеме педагогтерінің жұмыс көрсеткіші –үйірмелердің жетістігімен бағаланады. Лаура Түгелбекқызы жетекшілігіндегі «Шабыт» театр үйірмесі республикалық байқауларда жоғары нәтижелерге жетіп, «Сахналық көрініс» номинациясы бойынша тек жоғары орындардан көрінеді. Ал 2018 жылы «Халықаралық «Ұлы Дала дарыны»  өнер және білім байқауы «Жас сахна» номинациясы бойынша театр үйірмесі «Алтын жүлде» иегері болды.

 

Өткен жылы Ресеймен әріптестік аясында ұйымдастырылған  «Живая классика» балалар шығармашылық I Халықаралық байқауында шымкенттік үйірме жоғары деңгейде өнер көрсетіп, «Үздік қойылым» номинациясы бойынша жеңімпаз болған. Бұл байқауда Лаура Касымова «Таңдаулы театр жетекшісі» номинациясы бойынша марапатталды. 

 

–Өмірдегі ең басты жетістігім – балаларға сахна өнері мен мәдениет туралы сапалы білім бергенім. Сахналық қойылым  бойынша үйірме түрлі деңгейдегі байқауларда ең жоғарғы көрсеткіштерді көрсетіп келе жатыр. Мен оқушыларымның осындай жетістігімен мақтанамын,-дейді ұстаз.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 20:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31