Шымкент шырайы

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - ТАТУЛЫҚТА

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Отбасы құндылығы жоғары, шаңырақ татулығы берік сақталатын елдің келешегі бар. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттап келетін Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» отбасы институтының жұмысы бүгінде жанданып, нәтижесін беріп келеді.

 

 

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы негізінде ашылған орталық аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға психологиялық қолдау, құқықтық жәрдем, үкіметтік емес ұйымдармен, медиациямен бірлескен жұмыс, өз кәсібін игеруге ықпал ету, балаларға психологиялық қолдау көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, денсаулық мәселелері және аналар мен балаларға арналған арнайы курстар бойынша жүйелі іс-шаралар өткізді.

 

 

Аталған орталық ажырасуға арыз тастаған отбасыларды татуластыру жұмыстарын да жолға қойды.  «SHANYRAQ» орталығында «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорымен бірлесіп құрылған «Отбасылық кеңес»  неке бұзу туралы дауды медиация тәртібімен шешті.

 

 

Заңгер-медиатор Дана Кенжеқұлова мен Зарина Кембаева ажырасуға арыз тастаған ерлі-зайыптылармен әңгімелесу жұмыстарын жүргізді. Орталықта психологтың және медиатор, заңгерлердің қабылдауынан кейін  бір отбасы ажырасу райынан қайтып, отбасын сақтап қалу үшін күресетін болды.

 

Сонымен бірге «SHANYRAQ» орталығында күн сайын түрлі кездесулер, бизнес-тренинг, психологиялық семинар және тегін курстар өткізіледі.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 20:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31