Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ӨТЕМІС ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

22 желтоқсан 2021, 21:07

Аудан аумағындағы «Өтеміс» тұрғын алабында жаңа спорт алаңшасы ашылып, жергілікті тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

 

Спорт алаңшасының салтанатты ашылуына аудан басшысы А.Әліқұлов, қалалық мәслихат депутаты Ж.Таңатарова, аудан әкімі орынбасары Қ.Қалдықараев және тұрғын алаптың тұрғындары қатысты.

 

 

Еске сала кетейік, ағымдағы жылы Қаратау ауданында 29 орынға ашық спорт алаңшасы салынды.

 

 

Оның ішінде 25 ашық спорт алаңшасы, 2 әмбебап спорт алаңшасы салынса,  2 ашық спорт алаңшасы «Шымкент-қайырымды қала» жобасы аясында демеушілер есебінен «Бозарық» шағынауданы мен «Қайнарбұлақ» тұрғын алабына ашық спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді.

 

 

Атап айтар болсақ, жалпы ауданымызда Асар ш/а 3 спорт алаңша, Қайнарбұлақ т/а 1 спорт алаңша, Достық ш/а 2 спорт алаңша, Достық т/а 1 спорт алаңша, Ақжайық ш/а 2 спорт алаңша, Асар ш/а 5 спорт алаңша, Нұрсат ш/а мен т/а 3 спорт алаңша, Бозарық саяжайы 1 спорт алаңша, Азат ш/а 2 спорт алаңша, Нұртас ш/а 2 спорт алаңша, Өтеміс т/а 1 спорт алаңша, Сайрам т/а 2 спорт алаңшалары салынып тұрғындарға пайдалануға берілді.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі