ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ-ДІҢ 8 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

22 желтоқсан 2021, 21:03

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 8 жағдайы тіркелді. 8 адам үй бақылауына алынды.

 

Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда барлығы 263 орын бар. Төсек-орын толымдығы 23 %-ды құрайды.

 

Бір тәулік ішінде қалада 2737 адам екпе алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 590 799 адам вакциналанды. Оның ішінде 564 536 адам вакцинаның екі компонентін салдырды.

 

Pfizer вакцинасының I компонентін 10 860 адам, II компонентін 3 460 адам қабылдады. Жалпы 14 771 адам ревакцинацияланды.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі