Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ШӘМШІ СЕЗІМІН ОЯТҚАН СЫҒАН ҚЫЗЫ

20 қазан 2021, 20:57

Шымкентте Жұмат Шанин атындағы академиялық драмма театрында Шәмші Қалдаяқовтың әнімен өрілген «Сыған серенадасы» көрермен назарына ұсынылды.

 

 

Ақын, драматург Исрайл Сапарбайдың поэтикалық музыкалық драмасында Ш.Қалдаяқовтың өмірі мен әсіресе ән падишасының жұртшылыққа белгісіз тұстары баяндалған. Драманың бас қоюшы-режиссері – Қуандық Қасымов.

 

 

Оқиға желісі бойынша жас Шәмшінің Изольда есімді сыған қызына ғашық болғаны, көшіп-қонып жүрген халықтың қазақ жерінен кетер тұста ғашықтар қимастықпен қоштасады. Себебі, Шәмші туған жерін, елін тастап, сүйгеніне еріп кете алмайды.

 

 

Осылайша, қос жүректің махаббатынан дүниеге «Сыған серенадасы» әні келеді.

 

 

Бұл нәзік сезім мен романтикалық шығарма – кіршіксіз, таза махаббаттың жемісі болды.

 

 

Спектакль дарынды композитордың әнімен сүйемелденді. Поэтикалық драма желісіндегі арпалыс, сезім машақаты, Шәмшінің өрмінезді өнегесі көрермендердің көңілінен шықты.

 

 

Бүгінде Ш.Қалдаяқовтың өміршең туындысын еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін сүйіп тыңдайды. Ән падишасы өзі болмаса да оның шығармалары қазақ халқымен мәңгі жасайды.

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі