«ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫНДА ТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ 266 КУРС ӨТТІ

06 қазан 2021, 20:24

«Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығында түрлі деңгейдегі 266 курс  өтті. Онда көпбалалы 80 ана массаж, тігін, кондитерлік, SMM жүргізу ісі бойынша сертификат алды.

 

 

Одан бөлек, 100-ден астам әйел құрақ көрпе, дизайнер, қыш-құмыра өнері бойынша өткен мастер классқа және компьютерлік сауаттылықты арттыру сабағына қатысты.

 

 

Бұл курстар - бизнес жоспар құруға, жеке бизнесін ашуға грант немесе микрокредит алуға мүмкіндіктерді көрсету арқылы әлеуметтік жағдайын түзеуге ықпал етеді.

 

 

Аталған орталықта балалардың дамуы мен танымдық белсенділігін арттыру бойынша да түрлі курстар ұйымдастырылды. Олар орыс тілі, ағылшын тілі мен математика және логопед курсы, шахмат курсы өтті. Бұл сабақтарға 140-тан астам бала қатысты.

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі