Шымкент: Жаңа жылға дайындық қалай жүріп жатыр?

25 желтоқсан 2021, 17:42

Шымкентте жаңа жылға қызу дайындық басталып кетті. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін жаңа жылдық сәулет мүсіндері орнатылуда. Ал «Астана» алаңында бас шыршаның шамы жағылды. Үшінші мегаполистің жаңа жыл мерекесіне дайындығы қалай?

 

Шымкентте Жаңа жылға дайындық басталып кетті. Үшінші мегаполисте жылдың басты мерекесі ерекше тойланады. Биыл да тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін қаланы безендіру қызу жүріп жатыр.

 

Тәуке хан даңғылы – Шымкенттегі ең басты көшелердің бірі. Қазіргі уақытта даңғылдың біраз бөлігі мерекеге сай безендіріліп қойған.

 

Абай саябағында да мерекеге арнап 12 метрлік шырша мен биіктігі 6 метрді құрайтын шағын сәулет мүсіндері орнатылған. Сондай-ақ, өткен және келер жылмен байланысты түрлі жаңа жылдық нысандар қойылған.

 

Сондай-ақ, Шымкентте бас шыршаның жамы жанды. Мерекелік іс-шара «Астана» алаңында өтті. Шыршаны безендіруге 360 ойыншық пен 120 дана иллюминациялық ақшақар ілінген. Арнайы рәсімге қатысқан әртістер әр өңірден келген. Мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр.

 

Ханзада Есенова, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы: «Шаһарымызда биыл ерекше безендірілмек. Фотосуреттер түсіп, ертеңгі күні есте қалатындай, 2022 жыл керемет көңіл күймен өтсін деп авторлық жобамен шырша жағу рәсімін өткіздік».

 

Қалада мерекелік атмосфера құру үшін түрлі сәндік бұйымдар орнатылған. Тұрғындардың қар жоқ болғанына қарамастан, көңіл-күйі керемет. Ал мереке қарсаңында жанған басты шыршаның биіктігі 18 метрді құрайды.

 

Шымкент жаңа жылды қарсы алуға әбден дайын деуге толық негіз бар. Қаланың барлық бөлігінде мерекелік көңіл-күй сезіледі. Дегенмен, тұрғындар мен қонақтарға жаңа жылға дайындық барысында карантин шараларын естен шығармаған жөн.

 

 

 

kz.otyrar.kz