Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ СТУДЕНТТЕР ДЕ ҚАТЫСАДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту бойынша берген тапсырмасы негізінде Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен «Шымкент Жастар Лигасы» жобасы қолға алынған.

 

Екінші рет өтетін спорттық іс-шара осы жылдың қазан айында басталып 2022 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева мәлім етті.

 

 

«Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баули отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізу жоспарлануда»,-деді басқарма басшысы.

 

 

Аталмыш жобаға жалпы білім беру мекемелердің  тарапынан қазіргі уақытта футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) спорт түрлерінен 143 мектептен өтінім келіп түскен.

 

Сонымен қатар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 37 команда оның ішінде 7 жоғары оқу орындары және 30 орта арнаулы оқу орындары жасақталып, қатысуға өтініш берді.Студенттер  арасындағы жарыс бөлек өтеді.

 

 

«Шымкент жастар лигасы» жобасы жоғары және орта арнаулы оқу орындары үшін қазан айынан басталып, желтоқсан айына дейін жалғасады.

 

Аталған жобаның бірінші кезеңі осы жылдың наурыз айында басталып, маусым айында аяқталған болатын.  Мектеп оқушылары арасында үш айға созылған ауқымды спорттық сайыстың жеңімпазы атанған 4 мектепке 20 млн теңгеден қаржылай сыйлық берілген. Оқушылар бұл қаржыны өздері білім алатын мектептің  материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында әр мектеп 12 дана жылжымалы интерактивті панель алған.

 

 

Бірінші кезеңде 140 білім беру ұйымынан 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңнан астам оқушы бағын сынаған.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 21:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31