Шымкент шырайы

«ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ» РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін «EXPO Dubai – 2020» Халықаралық көрмесінде «Шымкент қаласының күндері» ресми түрде ашылды.

 

 

 

3 күн қатарынан Шымкентті таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара аясында қаланың мәдениеті, өнері, рухани құндылықтары мен инвестициялық және туристік мүмкіндіктері көрсетілмек.

 

 

 

Іс-шараның ашылу салтанатында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаhардың мүмкіндіктерін таныстырып, EXPO-дағы Шымкент қаласы күндерін ресми түрде ашып берді.

 

 

 

- Шымкент қаласында туризмнің дамуында көптеген маңызды факторлар бар. Қаланың республикалық маңызы бар статусқа ие болуы – іскер өкілдердің қызығушылығын тудырып, бизнестің кеңеюі мен туристер санының ұлғаюына ықпал етіп, қаланың инвестициялық тартымдылығының артуына серпіліс беруде. Бүгінгі іс-шара барлық қатысушылар үшін танымды әрі табысты болады деп сенемін, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы

 

 

 

Сондай-ақ, іс-шараға қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, Қазақстанның БАӘ-дағы елшісі Мадияр Меңілбеков және Шымкент қаласы мәслихатының бірқатар депутаттары, бизнес қоғамдастықтарының бір топ делегациясы қатысып, келушілерге қаланың тартымдылығы мен өмірі жайлы таныстырылым жасады.

 

 

 

Жиында еліміздің танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы ән шырқап, дәстүрлі өнерімізден шашу шашылды.

 

 

 

Келушілер алдағы уақытта Қазақстан қалаларына саяхат жасауға ниеттеніп, қызығушылықтарын танытты.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 21:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31