Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ 173 АДАМ «PFIZER» ВАКЦИНАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасының тікелей эфирінде КВИ-ге қарсы вакциналау жұмысының барысын баяндады.

 

Шымкентте 15 қарашадан бастап жүкті әйелдер мен балаларға коронавирусқа қарсы «Pfizer» препаратымен  вакцинациялау басталған болатын. Екі күн ішінде қалада 173 адам  осы вакцинаны қабылдаған.

 

Екпе алдынан дәрігерлер тұрғындарды медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде. Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізуге барлық жағдай жасалған.

 

– Қалаға бүгінге дейін «Pfizer» вакцинасының  46 800 дозасы жеткізілді. Бұл препараттың  құрамында иммундық қорғаныс жасайтын вирус болмағандықтан коронавирус инфекциясын туындатпайды. Вакцинация 21-28 күн аралықпен екі рет жүргізіледі,-деді қаланың бас дәрігері.   

 

«Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық вакцина азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Ал жасөспірімдерді вакцинациялау ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.

 

Эфир барысында Б.Позилов тұрғындар жолдаған 50-ден аса сұраққа жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге салынатын вакцинаның әсері жөнінде болды.

 

Вакцина алғандардың ішінде 133-і  жасөспірім, 28-і жүкті әйел және 12-сі бала емізетін ана.  Басқарма басшысының сөзінше, екпе алғандар арасында кері реакция жағдайы тіркелмеген. 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 21:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31