Шымкент шырайы

Шымкентте 186 сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлері жұмыс істейді

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты мекемелердің комплаенс офицерлерімен кездесу өтті.

 

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің жұмысы мен осы саладағы жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелерін талқылау.

 

Шараға Департамент қызметкерлері мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері қатысты.

 

Спикерлердің айтуынша, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді және заманауи әдістерін қолдану мемлекеттік органдар үшін ғана емес, квазимемлекеттік сектор үшін де өзекті болып табылады.

 

Комплаенс қызметінің маңыздылығы талқыланған жиында қатысушылардың негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылатындығы айтылып, қызметтерін адал атқаруға шақырылды.

 

Ал мекемеде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін өздеріне жүктелетін жауаптылықты сезінген әрбір басшы бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше басымдық беру қажеттігі айтылды.

 

Сонымен қатар, алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің маңыздылығы жеткізілді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалының аға оқытушысы, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ә.Ахметова сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру процесінде ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу әлеуетін атап өтті.

 

Жиын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі басымдықтарын талқылап, пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті.

 

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында квазимемлекеттік сектордың 186 ұйымында комплаенс қызметі жұмыстарын атқаруда.

 

 

 

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 20:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31