Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ 21 МЫҢНАН АСА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының жұысмпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан халықты жұмыспен қамту шаралары үш бағытта жүргізіледі. Олар «Еңбек» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы» және салалық бағдарламалар негізінде құрылатын жұмыс орындары.

 

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде   23 722 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде тұрақты – 14 233, уақытша – 9 489. Бүгінде нақты 21 325 орын ашылған (89,9%), атап айтқанда 13 207 – тұрақты жұмыс орындары, ал 8118 – уақытша жұмыс орындары.

 

 

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде биыл Шымкентте барлығы 12 инфрақұрылымдық  жоба нақтыланып, микрокредит беру және бизнесті дамыту бағыттары бекітілді.

 

Бірінші бағытта, 12 нысанның құрылысы көзделген. Ол 2 білім беру, 1 спорт, 1 сумен және   8 электрмен қамту нысандары.

 

Құрылатын жұмыс орындары 392, оның ішінде  198 орынға азаматтар жұмысқа  қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдану көзделсе, бүгінде  нақты орналасқаны -379, орталық арқылы 198 жұмыссыз азамат жұмысқа орналасты.

 

 

Нысандардың біреуі 2020 жылдан өтпелі, 11 жоба жаңадан басталған жобалар, олар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылған жұмыс орындарының саны- 348.

 

- 3 жоба әлеуметтік-мәдени обьектілерге бағытталған. Құрылатын жұмыс орындары 120 орын, нақты 122 орын ашылып, азаматтар жұмысқа орналасты. Жұмыстарды үйлестіруші құрылыс басқармасы болып табылады.  

 

- 9 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық обьектілерінде құрылыс жұмыстары, құрылатын жұмыс орны -257.

 

Екінші бағытта шағын, орта бизнесті дамыту, жұмыс орындарын құру үшін микрокредиттер беру көзделген. Бүгінгі күнге ҚР Ұлттық Экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және Шымкент қаласы әкімдігі арасында кредиттік келісім шарт түзілген.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 21:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31