Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарлары бойынша баға тұрақтылығын сақтау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан Өңірлік тұрақтандыру қорына 4,7 млрд. теңге бағытталды. «Айналым схемасына» сәйкес, 16 қазандағы жағдай бойынша 5,4 млрд. теңге айналымға түсіп, қаламызда мақсатты деңгей 114,9 пайызға орындалды. Бұл туралы сенбі күні ҚР Премъер-министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық мәжілісте еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

 

 

Нәтижесінде 20 мың тоннадан астам әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына сатып алулар жүргізілді. Бұл санаттағы азық-түлік тауарларының қатарына 19 өнім түрлері жатады: ұн, нан, макарон өнімдері, тұз, жұмыртқа, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс майы, сары май, сиыр және құс еті, сүт, айран, сүзбе, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат.

 

Өткен аптада көрсетілген азық-түлік тауарларына баға тұрақтылығы сақталды. Күріш, сәбіз, пияз, шекердің бағалары 0,3–3,7 пайыз аралығында төмендеген.

 

 

«Айналым схемасына» қаламыздағы ірі сауда желілері тартылған. Сауда орталықтары делдалдық ұйымдардың қатысуынсыз оператормен тікелей келісімшартқа отырған. Оператор келісімшарт талаптарымен бекітілген шарттардың орындалуын бақылап, мониторинг жүргізеді. Жүйе шеңберінде оператор да, сауда орталықтары да келісімшарт талаптарын сақтай отырып, бағаны осы құжатта айқындалған деңгей көлемінде сақталуына кепіл болады.

 

Қаламызда қазір мұндай келісімшарттар «Magnum Cash & Carry», «GraMad Hypermarket», «Фиркан» сауда желілерімен түзілген. Бүл жүйенің тиімділігі ескеріліп, ауыл шаруашылық өнімдеріне форвардтық келісімшарттар түзу жоспарланған. 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 21:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31