Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСУДА

  • ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСУДА

    ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСУДА

Шымкент қаласында халықпен кері байланыс орнату, әкімшілік кедергілерді азайту және арыз-шағымдар мен талап-тілектерді бір орыннан қабылдау бағытында «Ашық әкімдік» нәтижелі жұмыс істеп келеді.
Әкімдіктің 1-қабатында орналасқан арнайы кеңседе қала әкімі мен орынбасарлары, аудан әкімдері және салалық басқарма басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша тұрақты қабылдайды. Алайда, ел аумағында қалыптасқан эпидахуалға байланысты қабылдаулар уақытша онлайн өтуде.
Бүгінде жергілікті биліктің қызметіне қатысты арыз немесе ұсыныс айта келген азаматтарды алғаш қабылдап, тұрғындармен тиянақты тілдесетін «Ашық әкімдіктің» қызметкерлері. Жауаптылардың баяндауынша, азаматтардың басым бөлігі – жер мен тұрғын үй алу мәселесі бойынша жүгінеді.
Өтініштермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Бегайым Бақтыбаеваның айтуынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде қала әкімдігі арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтер 95 пайызға цифрландырылған. Әкімдік құзіреті шегінде 167 мемлекеттік қызмет көрсететін болса, соның 158-і «Egov.kz» порталы арқылы жүзеге асады, қалған 9-ы әзірге қағаз жүзінде. Бірақ жыл соңына дейін арнайы порталдар іске қосылып, әкімдік ұсынатын қызметтер толық электронды түрде ұсынылады.
Қыркүйек айынан бастап, тұрғындар өздерін толғандыратын проблемалар бойынша әкімдікке келіп әуре болмай, арыз-шағымдары мен талап-тілектерін үйде отырып, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің көмегімен жолдай алады.
Қазіргі таңда азаматтар көтерген мәселелерді назарға алып, жұмыс істеу жүйеленіп келеді. Мәселен, 2021 жылғы ІІ тоқсанда Шымкент қаласының әкімдігімен жеке тұлғаларға – 4 197 455, заңды тұлғаларға – 4 337 қызмет ұсынылды. Аталған қызметтердің 99 пайызы электронды түрде көрсетілді.
Сондай-ақ, қала әкімінің бастамасымен былтыр ашылған «IKomek-109 орталығы» тұрғындармен тікелей байланыс орнатуда өз тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл орталыққа биылғы 8 айда 133 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 98 пайызы қанағаттандырылған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында қолға алынған тындырымды тірліктердің арқасында қаладағы мемлекеттік органдарға тікелей жолданатын өтініштер саны екі есе азайған. Мәселен, биылғы 8 айда жергілікті атқарушы органдарға – 21 538 өтініш түссе, өткен жылғы есепті кезеңде бұл көрсеткіш – 47 543-ті құраған болатын.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері жергілікті органдардың қызметіне қатысты қабылданған өтініштердің 93%-ына жауап берілген.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 16:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 20:48
    «ECO SANA» БІЗГЕ ҚОСЫЛ
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31