Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӘДІСПЕН ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛЕ БАСТАДЫ

  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӘДІСПЕН ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛЕ БАСТАДЫ

    ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӘДІСПЕН ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛЕ БАСТАДЫ

Шымкент қаласында тұрғындарды жидек өнімдерімен қамтамасыз ету үшін биыл алғаш рет 0,5 га жерге жаңа әдіспен құлпынай өсіріле бастады. Онда ғылым мен техникалық жетістіктерді қолдану арқылы «Альба» және «Клири» сұрыптары егілген.
Инновациялық жоба шаруаларға қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мен кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен семинарда практикалық негізде көрсетілді.
Бұл жоба - үй іргелік жерлерді игеріп, қала халқының табысын арттыру және тұрғындарды құлпынай өнімімен қамту мақсатында қолға алынды.
Мамандар құлпынайды жылыжайда пластик пакеттерге отырғызу арқылы көп өнім алуға болатынын айтады. Құны бойынша да бұл технология әлдеқайда арзан екен. Құлпынайды өсіру үшін тамшылатып суару әдісі қолданылады.
Қазіргі уақытта құлпынай өнімдерінің 70-90% жеке қосалқы шаруашылықтарда егіледі. Алайда, олар заманауи технологияларды қолданбауынан өнімділік төмен және тек маусым аралық мерзімде ғана өсіреді. Негізінен Қазақстан бойынша құлпынай бизнесі дамымаған, нарықта көбінесе импорттық құлпынайлар сауда сөрелерінен табылады.
Мамандар бүгінде жидек дақылдарының, оның ішінде бақша құлпынайының ассортиментін кеңейту және өнімділігін арттыру проблемасы өте өткір екенін айтады. Сондықтан осы жобаны жүзеге асыру арқылы қала халқын отандық өніммен қамту мүмкіндігі артатынын жеткізді.
Жоба сәтті жүзеге асатын болса, осы технология қаланың басқа да фермерлік шаруашылықтарында енгізілетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 809    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 11:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31