Толғағы қысқан 27 жастағы келіншек сауда орталығында қыз баланы дүниеге әкелді. Дәрігерлер келіншек пен оның жаңа туған нәрестесінің жағдайы жақсы, бақылауда екенін айтты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Келіншек ойын-сауық сауда орталығына келгенде толғағы бірден қысқан. Ондағы қызметкерлер дереу киім ауыстыру бөлмесіне жеткізіп, аман-есен босануына көмектескен. 27 жастағы тұрғын дүниеге қыз бала әкелді.
© ЭК
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәліметінше, жаңа туған сәбидің салмағы — 3200 грамм, бойы — 54 сантиметр.
Орталықта босанып қалған келіншек пен оның қызы жедел жәрдем арқылы жақын маңдағы перинаталды орталыққа жеткізілді. Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы жақсы, алаңдауға негіз жоқ.