Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде отбасы табысының түрлі деңгейлеріне сәйкес келетін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді тапсырды. Яғни, Президент кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесін  шешуді, ал баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру керектігін айтқан болатын.

 

 

Бұл бағытта Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар атқарылып, жыл басынан бері түрлі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 3 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылған. Бұл жөнінде 9 айдың қорытындысы бойынша қала әкімімне есеп берген  қалалық тұрғын үй  басқармасының басшысы А.Рысжанов мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, жыл сайын кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер белгіленген тәртіппен үлестіріліп келеді. Осы жылдың басынан тұрғын үй кезегінде тұрған 682 отбасы арендалық пәтермен қамтылған болса, жыл соңына дейін осы бағытта 294 отбасыға баспана  беріледі.

 

 

Сонымен қатар, жыл басынан «Отбасы банк» арқылы «5-20-25»бағыты бойынша  кредиттік тұрғын үймен 730 азамат қамтылған. Оның ішінде 261 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелгендер.

 

Ал, «7-20-25» бағдарламасы бойынша  Шымкент қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы жыл басынан бері 1362 азамат алғашқы тұрғын үйді нарықтан  несие рәсімдеп сатып алған. Жыл соңына дейін  кредиттік тұрғын үймен 4 413 отбасыны қамту жоспарлануда.

 

 

Бұдан бөлек, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 158 отбасы несие негізінде тұрғын жаймен қамтылып, оның ішінде 73 отбасыға алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаты берілді. Бұл жұмыстар жалғасын табуда.

 

Кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы жетпейтін азаматтарды ынталандыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жылға 500 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде беру қарастырылған. Бұл қызмет бойынша 902 өтінім қабылданса, оның ішінде 311 өтінім – 274 млн.теңгеге мақұлданған.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.10.2021, 13:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    16 Қараша, 20:32
    ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30