Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖОЛДАР ҮЛЕСІ АРТАДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімі танысқан құрылыс нысандарының бірі - А-2 «Алматы – Ташкент» автомобиль жолының қайта құру жұмыстары болды. Құрылыс мерзімі 2018-2024 жылдар аралығына жоспарланған жоба жалпы 8 кезеңнен тұрады.

 

 

1 кезең - Қ.Төлеметов көшесінен Ынтымақ ш/а дейінгі аралық. Бүгінде жер жұмыстары, жол негіздерін төсеу, жол жамылғысын салу, кәріз жүйесін ауыстыру, аяқжол салу, жарықшам бағаналарын орнату, арық жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді. Бірінші кезең осы жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған, қазіргі уақытта 90% жұмыс атқарылды.

 

 

2 кезең – Ынтымақ ш/а Темірлан тас жолына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,5 шақырым, ені 80 метр, 4 жолақты. Қазіргі уақытта жұмыс 60 пайызға орындалған, 2022 жылға өтпелі.

 

 

3 кезең – Жанаталап елді-мекеніндегі бұрылыстан кейінгі Бадам өзені көпір жүйесі 100% аяқталған.

 

 

4 кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Жалпы ұзындығы 1,86 шқ құрайды. Автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Құрылыс жұмыстары басталды, жолды 2022 жылға аяқтау жоспарланған.

 

 

Автомобиль жолының төрт кезеңінде де  екі жағынан су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар орнату көзделген.

 

 

Бұл жолдардың құрылысы аяқталғанда қаладағы көлік кептелісі азаяды және қанағаттанарлық жағдайдағы сапалы жолдар үлесі артады.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.10.2021, 23:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31