Шымкентте қандай шектеулер енгізілді

02 тамыз 2021, 15:46

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шаралары күшейді. Өңірлерде "Ashyq" жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметін тоқтатылады.

 

 

Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2 тамыздан бастап қалада сұлулық салоны, шаштараз, косметологиялық қызмет көрсететін орындар «Ashyq» жүйесіне тіркелген болса, 09:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Алайда сенбі-жексенбі күндері жабық болады.

 

Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер қалыпты режимде жұмыс істейді.

 

Азық-түлік сатпайтын дүкендер тек жеткізу арқылы қызмет көрсетеді.

 

Медициналық орталықтар, стоматология алдын ала жазылу бойынша қалыпты режимде жұмыс істейді.

 

Қоғамдық көлік жұмыс күндері қалыпты режимде қатынайды, демалыс күндері жүрмейді.

 

Банк, ХҚКО, Қазпошта бөлімшелері "Ashyq" жүйесінде болса, 09:00-18:00 арасында қызмет етеді. Демалыс күндері жұмыс істемейді.

 

Мектепке дейінгі мекемелер жұмысына тыйым салынған.

 

Қаулы 2 тамыз – 16 тамыз аралығында күшінде болады.

 

Сондай-ақ Шымкент қалаларымен іргелес жатқан Түркістан облысы Сайрам мен Төлеби аудандарында карантин талаптары қатаңдатылады.

 

 

shymkenttv.kz