Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ «МҰҚАҒАЛИ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» көркем фильмінің премьерасы Қазақстан бойынша алғаш болып Шымкент қаласында өтті.

 

 

«Мұқағали» көркем фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Онда аты аңызға айналған ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндалады. Фильмінің түсірілімі 2019 жылдың жазында басталды. Көркем туындының  сюжеті өткен ғасырдың 50-70-ші жылдардын қамтиды. Режиссер Болат Қалымбетовтің айтуынша, ескі Алматыға ұқсас қаланы табу үшін, түсірілім тобы Қазақстанның түкпір-түкпірін аралаған. Нәтижесінде шығармашылқ топ ескі көшелері мен үйлері жақсы сақталған Өскемен қаласын таңдады.

 

 

Негізгі түсірілімдер Өскемен, Алматы, Санкт-Петербург қалаларында, сондай-ақ Алматы облысында өтті.

 

 

Көптеген үміткерлер арасында басты рөлге Махамбет Өтемісов атындағы Атырау облыстық драма театрының әртісі, жас актер Абылай Жанбалаев бекітілді. Сондай-ақ, көркем туындыдан көрермендер Нұрғиса Тілендиев, Бауыржан Момышұлы, Фариза Оңғарсынова, Лашын Әлімжанова сынды ұлы тұлғалардың да бейнесін байқайтын болады.  Фильмнің сценарийін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек, режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыров жазған.

 

 

Премьераға зиялы қауым өкілдері, ақын, жазушылар, Шымкент қаласының Құрметті азаматтары, кинорежиссерлер қатысты. Шымкенттік көрермен фильмді жақсы қабылдады.

 

 

«Мұқағали» көркем фильмі 21 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетілетін болады.

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 21:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31