Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛҒАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР САНЫ АРТА ТҮСЕДІ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласындағы Абай ауданында 34 елдімекен болса, ондағы тұрғындардың барлығы электр жарығымен қамтылған. Оның ішінде 8 елді мекен сапалы электр энергиясын жеткізуді қажет етеді.

 

 

Осындай аумақтың бірі – «Айкөл» елді мекені. Бүгінде тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүруде.    Бұл жұмыстарды осы жылдың шілде айында мердігер мекеме «Жолсерік» ЖШС-гі бастаған. Осы уақыт ішінде электр бағаналарын орнатылып, ұзындығы 6 шақырым болатын электр сымы тартылды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 97 пайызы аяқталды. Жыл соңында елдімекендегі 332 адам сапалы элеткр энергиясымен қамтылатын болады.

 

 

Айкөл елді мекені Абай ауданына 2014 жылы Сайрам ауданынан қосылған. Мұндағы 66 үй бүгінгі таңда жекенің меншігіндегі электрді тұтынып отыр. Сонымен бірге алдағы жылдары аталған аумақ таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтылады.

 

 

Жалпы Абай ауданында Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2, Батыс,  Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар елді мекендерін сапалы электрмен қамту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының бірқатары  жылдың соңында аяқталса, бірнешеуі келер жылға өтпелі. Осылайша, 2022 жылы аудан сапалы электр энергиясымен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 00:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31