Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ СҮТ ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы жанданып келеді. Қалада шаруашылық  кооперативтер саны 52 болса, биыл олардың құрамына 27 шаруашылық пен 507 жеке қосалқы үй шаруашылықтары қосылған.

 

Өткен жылы малшаруашылығы бағытындағы «TURAN Agroproduct» пен  «SILK WAY SAYRAM» агроөнеркәсіптік кооперативі өз жұмысын бастаған болатын.

 

Биыл тиісті басқарма тарапынан қосалқы шаруашылықтарды біріктіретін кооператив құру үшін елді мекендерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 6 ауыл шаруашылығы коопераивтері құрылып («SAIRAM CUT», «Асия Агро», «Салиев Аскар агро», «Мейіржан агро», «NUR AGRO», «Бек-Тас Шым»), бүгінде жұмысы жанданып отыр.

 

Биыл аталған кооперативтерде өндірілген сүт көлемі 3 мың тоннаға жеткен. Бұл өз кезегінде жеке және қосалқы шаруашылықта өндірілген өнімнің нарыққа шығуына зор үлесін қосумен бірге, қалада сүт өндірісінің көлемінің артуына ықпал етті. 

 

Сонымен қатар өндірілген сүтке мемлекеттік қолдау да көрсетілуде. Жыл басынан «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен аталған кооперативтерде өндіріліген сүттің 1 литріне 20 теңге субсидия берілуде.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 21:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31