Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҒЫМЕН ДАЙЫН

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Селекторлық режимде өткен отырысқа Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен барлық басқарма басшылары қатысты.

 

Аймақтардағы дайындық барысы жөнінде баяндаған ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Шымкенттегі білім беру, денсаулық сақтау нысандарының алдағы жылыту маусымына 100 пайыз дайын екендігін айтты.

 

 

Қалада орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1 945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1 847-сі, яғни 95%-ы жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Ал, әлеуметтік нысандар – білім (256), денсаулық сақтау (109), спорт (33), жұмыспен қамту (14) нысандары толығымен дайын.

 

«Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты 12 дана жылу қазандығы, 17 сорғы стансалары 100% жылу маусымына дайын. «К-19», «ПМК-49» қазандықтарына қажетті 1,1 мың тонна көмір тасымалданған.

 

 

Шымкенттегі жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 29,5 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда оның 28,4 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл 96% құрап отыр, қазан айына дейін жұмыстар толығымен аяқталады.

 

Қала тұрғындары жылу маусымында 77,6 мың тонна көмірді қажет етеді. Қазіргі уақытта қоймада 56 мың тн. көмір бар (72%). Алайда, тұрғындардың қажеттілігіне қарай көмір тасымалданатын болады.

 

Инфрақұрылым жүйелерінің: табиғи газ - 100%, электр – 90%, ауыз су – 85% дайын. 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 248    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 20:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30