ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ЕУРОПА КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

19 қазан 2021, 20:06

13-20 қазан аралығында Словенияның Градец қаласында дзюдодан Еуропа кубогы бәсекесі өтті.

 

Бұл сында ҚР жасөспірімдер командасы 7 алтын, 10 күміс және 9 қола жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы аталған турнирде үздік нәтиже көрсетті.

 

 

Команда сапында Шымкент қаласының дзюдошылары 2 алтын жүлдені иеленді.

 

Атап айтқанда, 55 келіде Талғат Орынбасар, 60 келіде Аян Байкенжиев алтын жүлдеге қол жеткізді.

 

Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі