ШЫМКЕНТТІК НЫСАНА КӨЗДЕУШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

19 қазан 2021, 19:41

Бангладеште 18 қазан күні өткен нысана көздеуден халықаралық онлайн турнирде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.

 

 

Команда сапында Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізді. Елизавета Безрукова пневматикалық винтовкамен 10 метрге ату жаттығуы бойынша жеңімпаз атанды.

 

 

Ирина Локтионова пневматикалық тапаншамен 10 метрге көздеу бәсекесінде күміс жүлде жеңіп алды.

 

 

Сондай-ақ, Алматы қаласының спортшылары да жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа Украина, Бангладеш, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, Бахрейн елінің өкілдері қатысты.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі