Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ СӨНДІРУШІ ҮШ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2021 жылдың 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XIV және әйелдер арасында VII әлем чемпионаты өтті.

 

Әлемдік сайысқа дүниежүзінің 18 елінен 9 ерлер және 5 әйелдер командасы қатысты.

 

 

5 қыркүйек күні өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аясында жарыстың соңғы кезеңі өткен болатын. Командалар жауынгерлік өрт сөндіру әрекеттерін толық құраммен орындау жаттығуы бойынша бақ сынады. Өрт сөндіру-құтқару спортының бұл командалық түрі өрт сөндірушілердің іс-қимылдарының ептілігін көрсетеді.

 

 

ҚР ерлер құрама командасы 25,55 секунд нәтижесімен 1 орынды иеленіп, жалпы командалық есепте 4 орынға жайғасты. ҚР құрамасының сапында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің спортшысы, жауынгерлік қанат жаюдан үш дүркін әлем чемпионы Вахиджан Қазақбаев өнер көрсетті.

 

 

Вахиджан Қазақбаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жауынгерлік қанат жаюдан 3 дүркін әлем чемпионы. 2011 жылдан бастап өрт сөндіру-құтқару спортымен айналысады.

 

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетуде. ҚР чемпионаттарының жеке түрлері бойынша жеңімпазы және жүлдегері.

 

 

Оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метрге кедергілері бар жолақтан өту, сондай-ақ командалық түрлерде 4х100 м өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю. Халықаралық жарыстар мен әлем чемпионаттарының қатысушысы.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 279    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 20:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30