Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ БІЛІМ МЕН ШАХМАТТЫҢ ҮЗДІГІ

  • ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ БІЛІМ МЕН ШАХМАТТЫҢ ҮЗДІГІ

    ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ БІЛІМ МЕН ШАХМАТТЫҢ ҮЗДІГІ

Шымкенттік ұстаз Айгерім Жұмаділова 12 жылдан бері мектепке келген бүлдіршіндерге алғаш рет қолға қалам алуды үйретіп қоймай, шахматтың шебері екенін дәлелдеп келеді.

Қаладағы Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныбының мұғалімі Айгерім Аралқызы бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігі зор жұмысты мойнына алып қалған және бүгінге дейін талай шәкірттің ой-өрісінің дамуына қосқан еңбегі ерен.
Ол ұстаздар арасында өткен спартакиядада "Үздік шахматшы", бірнеше халықаралық олимпиада жеңімпазы. «Әліппе», «Ана тілі» оқулығы мен оқу-әдістемелік кешендерге сынақ жүргізуге қатысқан. Сонымен бірге А.Жұмаділова мектепке "Лессон стади" зерттеу жұмысын енгізген сарапшы-педагог. Осындай еңбектерінің арқасында ҚР БҒМ Республикалық Ғылыми-Практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының Алғыс хаттарымен марапатталған.
Жұмаділованың шәкірттері «Алтын ұрпақ», «Кіші Ғылым Академиясы» «Шамшырақ» зияткерлік олимпиадасы және Халықаралық «ПОНИ» секілді байқауларда жеңімпаз болған.
Бүгінде төрт перзент тәрбиелеп отырған Айгерім Аралқызы ұрпаққа білім нәрін беру үшін әлі де ізденіс үстінде.
–Шәкірттерімнің тұлға боп дамуы үшін әр тақырыпты түсіндіру барысында түрлі тәсілдерді қолданамын. Сабақтың көрнекілігін дамыту жолында үнемі ізденемін, көптеген методикалық қолданбаларды қолданамын. Әр бір оқушы өзімнің балам секілді. Олардың болашағы жолында бар білімім мен тәжірибемді қолдануға тырысамын, - дейді ұстаз.
А.Жұмаділова биыл сәуір айында Daryn.online білім беру платформасында математика пәнінен бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасында І орынды иемденген болатын.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 208    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 10:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30