Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТІКТЕР «СЕЛЬСКАЯ ЧЕСТЬ» ОПЕРАСЫН ТАМАШАЛАДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының опера және балет театры әлемге әйгілі «Сельская честь» операсын  көрермендерге тарту етті.

 

Аталған операның алғашқы премьерасы 2017 жылы Шымкент опера және балет театрында сахналанған болатын. Өнер ұжымы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әлемдік операны өнерсүйер қауымға тарту етіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

 

 

Үздік туындыны сахналауға әлемге әйгілі және елімізге танымал өнер майталмандары жұмылдырылды.

 

П.Масканьидің «Сельская честь» операсының премьерасы алғаш рет 1890 жылы Рим қаласында «Костанци» театрында сахналанған болатын. Бір актілі опера  желісі сицилиялық ауылда өтеді.

 

 

Дж.Вергидің новелласының оқиға желісімен жазылған опера П.Масканьидің  әлемге әйгілі ең үздік және танымал шығармаларының бірі.

 

Опера кейіпкерлері арасындағы қарым-қатынастар мен шиеленістер әуезді музыкамен көмкеріліп, көрермендерге оқиғаны әсерлі етіп жеткізеді.

 

 

«Сельская честь» операсында жастардың махаббат жолындағы күресі, сатқындық, талас-тартыс, содан өрбитін  шытырман еліктірер оқиға, қанды кекпен аяқталатын сюжетте адамдық эмоциялар шебер суреттелген.

 

 

Басты рөлде халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәскеу қаласынан келген Екатерина Головлева – Сантуцца рөлін сомдап шықты. Турриду рөлінде операмыздың солисті, халықаралық конкурстардың лауреаты Жұмабек Қаңтарбаев және Өзбекстан мемлекеті Алишер Науаи театрынан келген Бегзод Садыков ойнады.

 

 

Қойылым режиссері – Қырғыстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұрлан Асанбаев, Дирижер – Теміржан Ержанов.

 

Рөлдерде қалалық театрдың солистері, хор, балет және симфониялық оркестр әртістері өнер көрсетті.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 14:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    16 Қараша, 20:32
    ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30